OSCE Programme Office in Nur-Sultan
Елші Дьердь Сабо
ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар офисінің басшысы
Посол Дьердь Сабо является Главой Офиса программ ОБСЕ в Нур-Султане с февраля 2016 года.
(ОБСЕ)
Венгриялық Елші Дьердь Сабо ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар офисінің басшысы қызметін атқарады. Осы қызметке дейін ол 2012 жылдан бастап ЕҚЫҰ-ның Өзбекстандағы жобалар координаторы болды. Ол 2011 жылы Венгрияның Еуропалық Одақта төрағалық ету кезінде Логистика және ұйымдастыру департаменті басшысының орынбасары және 2005-2010 жж. аралығында Венгрия Президентінің Протокол бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. Бұдан бұрын ол Нигерия мен Бенинде елші қызметін және басқа да дипломатиялық қызметтерді атқарды.
Елші Сабо Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлегі болып табылады.