Skip to main content
Resources

Сайлауды байқау жөніндегі нұсқаулық, 6-басылым (Бейресми аударма)

Publisher: Organization for Security and Co-operation in Europe Date: 1 April 2015

ДИАҚБ дайындаған «Сайлауды байқау бойынша нұсқаулықтың» алтыншы басылымы. Қазақ тіліне бейресми аударманы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі дайындап, басып шығарды.

Нұсқаулық бірінші кезекте сайлауды байқау жөніндегі миссиялардың қатысушыларына арналған практикалық құрал ретінде жасалды. Сонымен бірге ол   ДИАҚБ-ның сайлауды байқау әдістемесі бойынша қолданатын маңызды анықтамалық құжат болып шықты және осы ретте ішкі де, халықаралық та байқаушылар топтарын сайлауды байқау саласындағы өз әлеуеттерін дамытуға ынталандырды. 

 

ДИАҚБ қолданатын сайлауды байқау әдістемесі уақыт өте, жалпы саны  230-дан астам сайлауды байқау жасаған миссиялардың жұмыс тәжірибесін көрсете отырып, дами түсті. Нәтижесінде, түрлі жағдайларда және әртүрлі қажеттіліктерді ескере отырып, сайлауды байқау және оларды бағалаудың бұрынғыдан да сезімтал амал-ұстанымдары әзірленді.  Сайлауды байқауға ұзақ мерзімді,  кешенді, дәйекті және жүйелі түрде келуді көздейтін әдістеме ДИАҚБ-ның осы саладағы беделінің негізін қалады.

 

2006 жылғы желтоқсан айында ЕҚЫҰ-ның Министрлер кеңесі ДИАҚБ-ға «байқау әдістемесін одан әрі нығайтуды», сондай-ақ «тәуелсіздік, әділдік және кәсібилік мәселелеріне барынша көп назар аударуды» тапсырды.  Соған сәйкес  бүгінде, соңғы нұсқаулық жарияланғаннан кейін бес жыл өткенде және Копенгаген құжатының   20 жылдығына орай ДИАҚБ өз нұсқаулығының алтыншы басылымын зор қанағаттанушылықпен ұсынып отыр. Ол Бюроның өз әдістемесін дамыту саласындағы соңғы жетістіктерін ескере отырып жасалған мұқият талдаудың қорытындысы болып шықты.   

 

Жаңа басылым миссиялардың жер-жердегі жұмысында 2005 жылдан бері болған өзгерістерді, соның ішінде дауыс берудің жаңа технологияларын қолдану және сайлаудан кейінгі оқиғалардың дамуына неғұрлым мұқият ден қоюды байқауға байланысты өзгерістерді ескерген. Бұл басылымда, сондай-ақ, ДИАҚБ-ның анықталған қажеттіліктерді ескере отырып, қатысушы мемлекеттерге қолда бар ресурстар негізінде неғұрлым сапалы көмек көрсету мақсатында,  өзінің сайлау саласындағы қызметіне енгізген өзгерістері де егжей-тегжейлі сипатталып жазылған. Осыған байланысты, нұсқаулықта ДИАҚБ-ның  өзі   сайлауды байқау кезінде пайдалана алатын – сайлауды байқау жөніндегі миссиялар, сайлауды байқау жөніндегі шектеулі миссиялар,  сайлауды бағалау жөніндегі миссиялар және сарапшылар топтары сияқты әртүрлі форматтарға шолу ұсынылады. Ақыр аяғында, нұсқаулық   ДИАҚБ-ның сайлауға қатысты ұсынымдарын орындау бойынша одан әрі жасалатын қадамдарды жүзеге асыру мәселелерін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары жұмысына талдау жасау және статистикалық деректерге талдау жасау мәселелерін қарастырады.

Disclaimer

The views, opinions, conclusions and other information expressed in this document are not given nor necessarily endorsed by the Organization for Security and Co-operation in Europe (OSCE) unless the OSCE is explicitly defined as the Author of this document.