Resources
Құқық қорғау және шекаралық бақылау органдарының әлеуетін нығайту
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі трансұлттық қауіптерге қарсы әрекет ету үшін ұлттық құқық қорғау және шекаралық бақылау органдарының әлеуетін нығайтуда жұмыс жасайды. Атап айтқанда, Офис Қазақстанға терроризмге апаратын зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизммен және радикалдандырумен (ТАЗЭР) және кибер қылмыспен күрес және алдын алуға көмектеседі, адам саудасы және тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша нормативті-құқықтық құжаттарды іске асыруды қамтасамыз етеді, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын ілгерілетеді, сондай-ақ гендерлік мәселелерді есепке алуда ықпалдастық етеді. Ерекше назар аймақтағы және одан тыс түрлі органдар мен халықаралық ұйымдардың сарапшылары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бөлінеді.
Орта буын офицерлері мен оқытушылар бұқаралық іс-шараларды өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, жүріс-тұрысты профильдеудің негіздері туралы білді, Қарағанды, 12 сәуір 2017 ж. (ЕҚЫҰ/Колин Маккалоу)
Қатысушы шекаралық өткізу пункттерінде тәуекелдерді профильдеу бойынша тренингте тәжірибелік жаттығу барысында бет-бейнесін анықтау бойынша өз дағдыларын жақсартуда, Ақтөбе, 29 маусым 2017 ж. (ЕҚЫҰ/Михаил Асафов)
Прокурорлар БАҚ пен құқық қорғау органдарының арасындағы тиімді байланыс жөнінде ЕҚЫҰ-ның ұйымдастырған семинарында журналистердің рөлін сомдауда, Астана, 21 қыркүйек 2017 ж. (ЕҚЫҰ/Мария Дубовицкая)
Қазақстандық шекарашылар Қазығұртта практикалық жаттығу барысында автокөлік есігінде «Buster» денсиметрін сынауда, 26 қазан 2015 ж.
(ЕҚЫҰ/Әсел Қаратаева)
Испания Ұлттық полициясының сарапшысы ЕҚЫҰ - БҰҰ ЕҚБ семинарында тренинг өткізу барысында, Алматы, 7 маусым 2017 ж. (ЕҚЫҰ/Колин МакКалоу)
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімнің полиция қызметкерлері әлеуметтік қызмет көрсету өкілдерімен өзара қарым-қатынастың мүмкіндіктерін талқылауда, Астана, 24-25 қараша 2016 ж. (ЕҚЫҰ/Айгүл Сералинова)
Қатысушылар жалған жол жүру құжаттың элементтерін айқындауға тырысуда, Астана, 16 мамыр 2017 ж. (ЕҚЫҰ/Михаил Асафов)